Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Өскемен мен ШҚО оқушылары арасында химия пәнінен жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы шығарылды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Өскемен және ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары (8-10 сыныптар) арасындағы химия пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Олимпиадада екі тур тапсырмаларын орындағын қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталды. Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген 27 (19 – мемлекеттік тілде, 8 – орыс тілді) мектеп, барлығы 104 оқушыдан онлайн режимде 79 (31 – мемлекеттік тілді, 48 – орыс тілді) қатысушы топ жарып, белсенділік көрсетті.

Салтанатты ашылу жиыны өткеннен соң олимпиада өз жұмысын онлайн-прокторинг жүргізіп, қазылар алқасы олимпиада қатысушыларының еңбектерін тексеріп, жеңімпаздарды анықтаған қызу жұмыс атқарылды. Олимпиадаға мұрындық болған химия кафедрасының доценті Тантыбаева Бәтима Сматаевнаның ұйымдастыруымен олимпиада жұмысы нәтижелі болды. Жоғары теориялық білімдерін көрсетіп, қазылардың сұрыптауынан өткен жүзден жүйрік қатысушылар арасынан 30 жеңімпаз анықталды.

Атап айтсақ, 8 сыныптар арасында мемлекеттік тілді мектеп оқушыларынан 1 орынды Өскемен қаласы ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жанат Дәрия, 2 орынды – Зайсан қаласы Х. Мұстафина атындағы мектеп лицейінің оқушысы Төлеубек Жібек, 3 орынды Семей қаласының №27 орта мектебінің оқушысы Омарбекова Қарлығаш пен Семей қаласының №19 орта мектебінің оқушысы Маратқызы Ділназ және Зайсан қаласы Х. Мұстафина атындағы мектеп лицейінің оқушысы Кенжебекова Дана иеленсе, орыс тілді мектептер арасында 1 орынды Өскемен қаласының №37 орта көпбейінді мектебінің оқушысы Беркан Таир, 2 орынды ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» оқушысы Котляров Денис пен Өскемен қаласының №11 мектеп-лицейінің оқушысы Николенко Арина, 3 орынды Өскемен қаласының №10 мектеп-гимназиясының оқушылары Ширяева Тамила мен Копотилова Виктория, Өскемен қаласы №34 мектеп-лицейінің оқушысы Бабина Софья еншіледі.

9 сыныптар арасында жүлделі 1 орынды қазақ тілді мектептер арасынан Өскемен қаласы ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Айболатова Ақнұр, 2 орынды Глубокое ауданы «Опытное поле мектебінің» оқушысы Талғатқызы Айзат, 3 орынды Өскемен қаласы ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Аянқызы Аружан еншілесе, орыс тілді мектептер арасында 1 орынға ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» оқушысы Овсянникова Ксения, 2 орынға Өскемен қаласының №11 мектеп-лицейінің оқушысы Құмарова Рамина мен ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» оқушысы Скалабан Беата, ал 3 орынға Өскемен қаласы № 11 мектеп-лицейінің оқушысы Кошелева Василиса, Өскемен қаласы ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Байтықова Камилла және Өскемен қаласының №37 орта көпбейінді мектебінің оқушысы Антонов Артем лайық деп танылды.

10 сыныптар арасынан жүлделі 1 орынды қазақ тілді мектептер арасынан Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының оқушысы Оңғарова Зере, 2 орынды Зайсан қаласы Х. Мұстафина атындағы мектеп лицейінің оқушысы Оралбекова Камила мен Күршім №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Қанатқызы Жанель, 3 орынды Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Майдан Әнуар жеңіп алса, орыс тілді мектептер арасында 1 орынды Өскемен қаласы № 11 мектеп-лицейінің оқушысы Мұхамадиев Даниал, 2 орынды Өскемен қаласы № 11 мектеп-лицейінің оқушысы Дудченко Арина мен ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» оқушысы Сайлаубаев Тимур, 3 орынды Өскемен қаласы № 11 мектеп-лицейінің оқушысы Лаптев Евгений, ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» оқушысы Белянцев Александр, Өскемен қаласы № 34 мектеп-лицейінің оқушысы Попович Милена бөлісті.

Сонымен қатар олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік теоретик» және «Үздік практик» номинациялары анықталды.

«Үздік теоретик» – Өскемен қаласының №11 мектеп-лицейінің оқушысы Николенко Арина мен Өскемен қаласы ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Айболатова Ақнұр.

«Үздік практик» – Өскемен қаласының №37 орта көпбейінді мектебінің оқушысы Беркан Таир мен Өскемен қаласы ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Жанат Дәрия.

Олимпиада нәтижесі бойынша барлық жеңімпаздар арнайы дипломмен, барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен, олардың жетекшілері университет ректоры атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Өткізіліп отырған юниорлар олимпиадасы оқушылар үшін ерекше әсер қалдырып, университетіміз туралы да мәлімет алып, кәсіби бағдар бойынша білімдерін толықтырып марқайып қайтты деген сенімдеміз.

Сән Оразова, химия кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo