Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Өскемен оқушылары үшін бухгалтерлік есеп және аудит бойынша қалалық олимпиада өтті

Экономика және құқық факультетінің Қаржы және есеп кафедрасы Өскемен қаласының 10-11 сынып оқушыларына бухгалтерлік есеп және аудит бойынша Zoom платформасында онлайн режимінде қалалық олимпиада өткізді.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қаржы және есеп кафедрасының ұйымдастыруымен бухгалтерлік есеп және аудит бойынша олимпиада өтті.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең – іріктеу, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, онлайн режимінде сырттай өткізілді; екінші кезең – қорытынды, Zoom платформасында онлайн режимінде өткізілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жалпы командалық жүлделі орындар келесідей бөлінді: I орын – Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей, II орын –  №11 мектеп-лицей, III орын – №1 Шәкәрім атындағы орта мектеп.

Жеке есепте бірінші орынды №1 Шәкәрім атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Саяна Мұхаметқан иеленді.

Онлайн олимпиаданың форматы алғаш рет өткізілді, дегенмен қатысушы оқушылар мен ұйымдастырушылар олимпиаданың қызықты, жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары оқушыларға жетістіктер мен шығармашылық шабыт тіледі.

Олимпиадаға белсенді қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс айтамыз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo