Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Отанды қорғауда» майдан газетінің материалдары бойынша кітап шықты

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә. Төлегеннің бастамасымен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында шыққан «Отанды қорғауда» майдандық газетінің материалдары бойынша кітап шығарылды.

Газеттердің ксерокөшірмелері түріндегі «Отанды қорғауда» тігіндісі Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи мұражайында сақтаулы.

Енді елімізде майдан газеттерінің цифрланған тігіндісінен жасалған кітап та пайда болды.

Басылым авторлары – «Тұран» университетінің ректоры, профессор Рахман Алшанов және Қазақстан экономикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Үсен Әлімбетов.

Басылымның таралымы 500 дананы құрайды.

«Басылымға 1200 газет парағы мен 600 фотосурет енген, онда тағдыры Ұлы Отан соғысымен байланысты көптеген адамдар туралы айтылады. Ленинград қорғанысының қатысушысы, қатардағы гвардия жауынгері Зайролла Нығматулин қоршаудағы қаланың ауыр тіршілігі туралы мақала жазған, 1943 жылы 3 қыркүйекте ол «Отанды қорғауда» газетінде жарық көреді. Ленинград қорғанысының тағы бір қатысушысы Зияда Молдахметов болды, ол ауыр жарақаттан кейін туған жері – Солтүстік Қазақстанға оралады. Бес баланы тәрбиелеп өсіреді, олардың екеуі әкелерінің атын шығарды. Академик Еренғайып Шайхутдинов 20 жылдан астам Қазақ политехникалық институтын (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) басқарды. Екінші ұлы Зейнолла Молдахметов академик атанып, алдымен Шымкент техникалық университетін, содан кейін Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін басқарды. Айта кетейік, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Түймебай Әшімбаевтың 100 жылдығына орай «Академик Т. Әшімбаев атындағы қазіргі заманғы қаржы ғылымдары» студенттерге арналған атаулы акт залы ашылған», – деп атап өтіпті 2020 жылғы 13 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде шыққан «Перо приравнивалось к штыку» («Қалам мылтықпен теңестірілді») мақаласында Үсен Әлімбетов. https://kazpravda.kz/articles/view/pero-priravnivalos-k-shtiku

Үсен Әлімбетовтың айтуынша, «На страже Родины» газетінің бас редакторы Максим Гордон, ал Түймебай Әшімбаев «Отанды қорғауда» редакторының орынбасары болған. Соғыстан кейін М. Гордон «Невский, 2» кітабын шығарды (атауында редакцияның мекен-жайы). Түймебай Әшімбаевқа сыйға тартқан кітабында ол: «Құрметті қарулас досыма, солдатқа, журналистке, Ленинград қорғаушысына, осы кітап кейіпкерлерінің біріне» деп жазады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo