С.Аманжолов атындағы ШҚУ қараша айынан бастап өзінің әр факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Парасатты университет» жобасы аясында «Парасатты факультет» айлығын бастайды.
Психология, педагогика және мәдениет, сондай-ақ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлықтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша онлайн-кездесулер өтті.
Факультеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жоспары «Абыройлы ұстаз» акциясы, Tik-Tok, Instagram әлеуметтік желілерінде «Таза қол», «Адалдық – жастар көзімен» жобаларын ілгерілету, «Декан өмірінен бір күн», «Оқытушы өмірінен бір күн», «Студент өмірінен бір күн» бейнероликтер топтамасын жасау, «Адалдық сағаттары» сияқты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық барысы университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.
Г. Байыркенова,
С. Аманжолов атындағы ШҚУ
«SANALY URPAQ» фронт-кеңсесінің жетекшісі