21 тамыз күні Педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканы 2-4 курс студенттерімен және кураторларымен күзгі семестрдегі білім беру үдерісіне арналған кездесулер сериясын өткізді.
Кездесуге оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы да қатысты.
Кездесулер кесте бойынша өтті: сағат 10.00-де факультеттің академиялық топтарының кураторларымен, сағат 11.00-де 2 курс студенттерімен, сағат 12.00-де 3 курс студенттерімен, сағат 13.00-де 4 курс студенттерімен.
Негізінен студенттерді 2010-2021 оқу жылындағы оқу форматы туралы мәселе қызықтырды.
2 курс студенттері әскери кафедрадағы оқуға қатысты сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Бейімделу апталығы аясында 24 тамызда 1 курс студенттерімен кездесу жоспарланған.
Педагогика, Психология және мәдениет факультетінің деканаты