Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Педагогикалық білім: жаңа сын-қатерлер – жаңа шешімдер» атты вебинар өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Педагогикалық білім: жаңа сын-қатерлержаңа шешімдер» атты вебинар өтіп, педагогикалық білім берудегі жаңа трендтер мен технологиялар қаралды.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың педагог кадрларды даярлауда 70 жылдық тәжірибесі бар. 1952 жылдан 2021 жылға дейін университет түлектерінің саны 65 мыңнан астам адамды құрады. Олардың ішінде белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар бар, 10 мыңнан астам мектеп директорлары мен педагогтары облыс мектептерінде еселі еңбек етуде.

Вебинар барысында біздің ЖОО-ның тәжірибелі мұғалімдері жаңа замандағы педагогикалық білім беру туралы өз ойларымен бөлісті. Қазіргі заманғы оқыту әдістерінің мәселелері мен дамуы талқыланды.

Бүгінде университет ұлттық және халықаралық рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге ие. Мәселен, ARES-2021 жоғары оқу орындарының рейтингінде ЖОО "А+" – "Оқытудың, ғылыми қызметтің жоғары сапасы және жұмыс берушілердің түлектерге деген сұранысы" санатына енді.

ШҚУ 110 білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, оның 50-і педагогикалық бағытта. 3770 студент және 254 магистрант білім алуда. Педагогикалық білім беру бағдарламалары БҒМ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ, "Назарбаев университеті" ДБҰ, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынымдары ескеріле отырып, өзектендірілді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, өзектендіруге және сараптауға "Назарбаев университеті" ДБҰ, "НЗМ" ДБҰ қызметкерлері және т.б. тартылды.

НЗМ типі бойынша материалдық-техникалық базаны нығайтуға көп көңіл бөлінуде.

Жоғары оқу орнында әртүрлі ғылыми-білім беру орталықтары, оқу және ғылыми зертханалар жұмыс істейді, олардың базасында білім алушылар кәсіби құзыреттіліктерін дамытады, Erasmus + "STEM-бағыт мұғалімдерін даярлауға интеграцияланған көзқарас" халықаралық ғылыми жобасы іске асырылады, оның шеңберінде STEM-орталық ашылды және 2021 жылғы қыркүйектен бастап біздің өңіріміз үшін бірегей "STEM-бағыт мұғалімдерін даярлау" инновациялық магистрлік бағдарламасы іске қосылмақ.

"Педагогикалық өлшемдер" инновациялық магистрлік бағдарламасы квалитология, тестология және білім аудиті саласында мамандар дайындайды.

ЖОО-да инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық педагогикалық білім беру бағдарламаларында "Инклюзивті білім беру" пәні жүзеге асырылады.

Практикалық және семинарлық сабақтар Case study технологиясы бойынша ЖОО оқытушылары дайындаған оқу құралдары бойынша өтеді. Университетте "Зияткер" ғылыми-білім беру орталығы жұмыс істейді, ол ЖОО-дағы және өңірдегі ресурстық орталық болып табылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo