Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да польшалық профессор Петр Шкудлаждың онлайн дәрістері басталды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Польша елі Познань қаласының Адам Мицкевич атындағы университетінің  профессоры Петр Шкудлаждың (Piotr Szkudlarz) онлайн дәрістері басталды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Биология кафедрасының білім алушыларына 16 қарашадан бастап Адам Мицкевич атындағы университеттің систематикалық және экологиялық ботаника кафедрасының профессоры, ғылым докторы Петр Шкудлаждың онлайн дәрістері басталды.

Университет тарапынан ұсынылған мүмкіндіктің арқасында «6В05101-Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс, «5В011300-Биология» білім беру бағдарламасының 4 курс және «7M05101-Биология»  білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс білім алушылары бір ай бойы польшалық профессордың дәрістерін онлайн форматта тыңдай алады.

Бұл онлайн курста мына өзекті міндеттер басты назарға алынады – таксономиялық зерттеулерде болған өзгерістер, фитогеографияның таңдаулы сұрақтары, Орталық Еуропа, Мадагаскар және Қазақстан флорасының реликті, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін зерттеу, қазіргі зерттеулердің ғылыми аспектілері, гербарий материалын цифрландыру.

Онлайн курс 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo