Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ППжМ факультетінің деканы студенттермен онлайн кездесу өткізді

Педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканы Г.Б. Куленова факультет студенттерімен оқу корпустарында және жатақханада санитарлық-эпидемиологиялық режим ережелерін түсіндіру бойынша кезекті онлайн кездесу өткізді.

Короновирустық инфекцияға жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде барлық студенттер мен қызметкерлер санитарлық-эпидемиологиялық режим ережелерін сақтауы қажет.

Атап айтқанда, университет ғимараты мен жатақханаға бетпердесіз кіруге болмайды, барлық қызметкерлер мен студенттер университет ғимаратына рұқсаттамамен кіруге міндетті, оқу корпустарына Covid-19 расталған жағдайларымен байланыста болған және жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) байқалған адамдар жіберілмейді, қызметкерлер адамдардың жиналу ықтималдығын болдырмау үшін сабақ аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақтылы босатылуын бақылауды қамтамасыз етуі керек, жатақханаларда бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді, тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.

Педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканаты

Қазақ
× You found a Typo