Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Психология» мамандығының 30 жылдығына арналған онлайн практикалық семинар өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Психология және коррекциялық педагогика кафедрасында «Психология» мамандығының 30 жылдығына байланысты Zoom платформасы арқылы онлайн форматында практикалық семинар өтті.

Семинар «Позитивті психология» тақырыбы аясында жүргізілді. Семинар модераторы психология ғылымының кандидаты, Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті Мадина Әуренова болды.

Семинарға психология ғылымының кандидаты, Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасының доценті Жанат Әубәкірова шақырылды. Бұл тақырыпты Жанат Қанашқызы түрлі шетел ғалымдарының теорияларына сүйене отырып, позитивті психологияның пайда болуы мен дамуын, сонымен қатар технологияларын толық ашып түсіндірді, жан-жақты ақпарат берді.

Позитивті психология ғылымында ерекше орын алатын Мартин Селигманның «Жаңа позитивті психологиясын», Виктор Франклдың «Өмір мағыналы деуге бағытталған терапиясын», А. Маслоудың «Өзін-өзі өзектендіре алатын тұлға қандай болу керектігі туралы» теориясын, Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысын», сонымен қатар Милтон Эриксон, Элизабет Кюблер-Росс сияқты ғалымдардың көзқарастарын атап өтті.

Семинар позитивті атмосферада өтті. Тыңдаушылар семинар соңында ғалымға өз ойлары мен алғыстарын білдірді.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo