Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Әр күнге арналған даналық» көрме-блокноты ұйымдастырылды

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы «Психология» мамандығы ашылуының 30 жылдығына арналған декада аумағында «Әр күнге арналған даналық» атты көрме-блокнот ұйымдастырды.

Бұл іс-шарада обылысымыз бен қаламыздың психологтары білім берудегі қазіргі жүйесіндегі өзекті мәселелердің шешімі ретінде өздерінің әдістемелік құралдарын ұсынды.

Әр түрлі ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тренингтер, дамыту бағдарламалыр, психологиялық акциялар сияқты құралдар қорғалды.

Көрме-блокнотқа Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы және Алматы қаласынан барлығы 33 психолог қатысты.

ШҚО мамандандырылған мектеп-лицейінің психологы М.Н. Шалтаеваның  «Психологиялық акция мектеп психологының алдын алу және дамыту жұмысының әмбебап түрі ретінде», ҚР ІІБ Қостанай академиясының психологы Ш.М. Қабжанованың «ІІО-да суицидтердің алдын алу бойынша топтық психокоррекциялық жұмысты жүргізу әдістемесі», А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп психологтары  М.Н. Серікбаева мен Д.Т. Тоқтамыстың «Мамандық таңдауға дұрыс қадамдар» әдістемелік құралдары ерекше қызығушылық тудырды.

Көрме соңында қатысушылар аталмыш іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің өзекті мәселелерін шешуде басқа әріптестерінің жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасуды жоғары бағалады.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo