С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректорының қараша айындағы онлайн-отырысы ректор М.Ә. Төлегеннің төрағалық етуімен өтті, оның барысында төрт мәселе қаралды.
Университет студенттерінің оқу корпустары мен үйлерінің қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығы туралы шаруашылық департаментінің директоры Е.З. Балапанов хабарлады.
Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.З. Жантасова IT-саласында кадрларды кәсіби даярлау сапасын жетілдіру туралы ақпарат берді.
Аккредиттеу және стратегия бөлімінің бастығы М.А. Ордабаева университеттің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өтуге дайындық барысы туралы және университеттің профессор-оқытушылар құрамының 2019-2020 оқу жылындағы рейтингінің (КРІ) нәтижелері туралы хабарлама жасады.
Ректорат отырысын қорытындылай келе, ректор М.Ә.Төлеген нәтижеге, оқытушылардың сапалы еңбегіне, ЖОО ғалымдарының монографияларын БАҚ-та жариялауға, кәсіптік бағдар беру жұмысын тұрақты негізде жүргізуге және т. б. бағытталған жұмыстың қажеттілігін атап өтті.
Қаралған барлық мәселелер бойынша ректорат шешімдері қабылданды.
Баспасөз қызметі