Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ректораттың онлайн-отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректор М.Ә.Төлегеннің қатысуымен ректораттың кезекті онлайн-отырысы өтті, оның барысында алты мәселе қаралды.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да жүйелі стратегиялық өзгерістерді жүргізу туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова хабардар етті.

– КЕАҚ-қа көшкен ЖОО-ларға ҚР БҒМ жобалық менеджмент негізінде өзгерістер енгізу міндетін қойды. Негізгі өзгерістер қоғамдық құрылым – өзгерістердің фронт-офисін құру арқылы өтеді, ол 2020-2021 оқу жылы кезеңінде өзгерістердің үш тобын қамтиды. Өзгерістердің бірінші тобы – жоғары оқу орнын басқарудағы өзгерістер. Өзгерістер процестерінің екінші тобы – субъектілер мен объектілердің өзара іс-қимылы мен өзара қарым-қатынасы бөлігінде жоғары білім мазмұнының өзгеруі. Өзгерістер процестерінің үшінші тобы университеттің білім беру процесіне жаңа әлеуметтік және тәрбиелік технологияларды енгізумен байланысты, – деп хабарлады И.В. Ровнякова.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысының м.а. Н.А. Аманжолова университеттегі тәрбие жұмысын жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары туралы есеп берді.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасының жағдайы туралы Жоғары колледж директоры С.Д. Өтепов, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыстың нәтижелері туралы «SANALY URPAQ» фронт-офисінің басшысы Г.Т. Байыркенова ақпарат берді.

Қашықтан оқыту технологиялары бөлімінің бастығы А.И. Құдайбергенева университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін іске асыру үшін бейнеконтентті әзірлегені туралы айтып, үздік тәжірибелерді мысал ретінде келтіре отырып, жиі ұшырасатын қателіктерді атап өтті.

Шаруашылық департаментінің директоры Е.З.Балапанов 2018-2020 жылдары жүргізілген шаруашылық қызмет пен шаруашылық-техникалық жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo