Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ректораттың жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті

Жаңа жылдағы ректораттың алғашқы отырысы С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен онлайн режимде өтті, оның барысында 7 мәселе қаралды.

2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде университеттің оқу процесін ұйымдастыру туралы академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы хабардар етті.

Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә. Сәдірбекова 2020-2021 оқу жылының бірінші жартысында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) оқу жүктемесін орындауы туралы хабарлама жасады. 

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б.Б. Келгембаева университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің 2020 жылға арналған біліктілікті арттыру жоспарының орындалуы, сондай-ақ педагогикалық қайта даярлау курстарына құжаттарды қабылдау барысы туралы хабарлады. 

Университеттің техникалық паркінің жай-күйі туралы шаруашылық департаментінің директоры Е.З. Балапановтың, университетте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатованың, университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жүргізу барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М. Раисованың ақпараты тындалды.

Ректорат отырысын қорытындылай келе, М.Ә.Төлеген жаңа жылда білім беру сапасының деңгейін арттыру, сондай -ақ университеттің барлық кафедраларында кәсіби бағдар беру қызметін жүргізу бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Ректорат барысында Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің жаңа басшысы Динара Рахметқызы Сапарова таныстырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo