Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ректордың бірінші курс студенттерімен онлайн-кездесуі өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлегеннің жаңа оқу жылының басындағы 1 курс студенттерімен дәстүрлі кездесуі өтті.

Университет ректоры хабарлағандай, әлемдегі және Қазақстандағы Сovid-19 пандемиясына байланысты оқыту 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан өтеді. Оқытудың дәстүрлі нысанына оралу мерзімі елдегі жалпы эпидемиологиялық жағдайға және уәкілетті органның – білім және ғылым министрлігінің шешіміне байланысты болады. Барлық ақпарат университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде, топ кураторлары мен эдвайзерлердің жалпы чаттарында орналастырылады.

­­– Құрметті білім алушылар! 1-ден 4-ші курстарға дейінгі барлық білім беру процесі академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі, ол оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі күндер көрсетілген оқу процесінің кестесі болып табылады. 1 курс студенттері үшін сабақтар қашықтықтан синхронды режимде университеттің қашықтықтан оқыту порталындағы кестеге сәйкес өткізіледі (http://edu.vkgu.kz/), Big blue button және ZOOM платформалары арқылы.

2-4 курс студенттері үшін жалпы білім беретін ағынды пәндер асинхронды режимде онлайн оқыту форматында оқытылады, бұл ZOOM-дағы сабақтардың оқу контенті мен оқытушылардың бейнематериалдарын сізге ыңғайлы уақытта оқумен үйлесуін білдіреді. Практикалық және зертханалық сабақтар, тілдік және шығармашылық пәндер, соның ішінде дене шынықтыру және әскери кафедрадағы сабақтар ZOOM платформасындағы кестеге сәйкес онлайн-форматта өтеді, – деді М.Ә. Төлеген.

ЖОО студенттері онлайн оқыту жүйесіне кіру үшін қашықтықтан оқыту порталына кіруі керек (http://edu.vkgu.kz/), логин енгізуі тиіс – бұл жеке ЖСН және пароль – жеке куәліктің нөмірі.

Бұл порталда оқытушылар әзірленген білім беру контентін жүктейді: онлайн курстар, бейнедәрістер, тесттер, әр пән бойынша қосымша материалдар, ғылыми кітапхананың ресурстары мен Қазақстан мен әлемнің үздік кітапханаларының ресурстары қосылған.

Қашықтықтан оқыту порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық әзірленген және порталда орналастырылған, ол сізге оқу процесін жеке режимде сәтті ұйымдастыруға көмектеседі.

Университетте «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге көмек ретінде «Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда әртүрлі қызметтерді алуға болады, мысалы, ауыстыру, қалпына келтіру туралы құжаттарды, қажетті анықтамаларды, транскриптті, тегі өзгерген жағдайда құжаттарды және т.б. алуға болады.

Қашықтықтан оқыту кезінде білім алушыларға көмектесу үшін университет сайтында виртуалды ректорат, виртуалды деканат және виртуалды тіркеу кеңсесі құрылды.

– Университет бүгінде сіздерге сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасауда, – деп атап өтті университет ректоры М.Ә. Төлеген. – Коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайда біз оқу сапасын жоғалтпауымыз керек, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап біз үлкен жұмыс жасадық. Жедел штаб, жобалық кеңсе құрылды, күн сайын қашықтықтан білім беруге көшудің әлемдік тәжірибесі зерделенді және университет оқу жылының басына 100% дайын.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық кезінде мультимедиялық зертханаларды техникалық жабдықтау жүргізілді, компьютерлер, интерактивті панельдер және т.б. сатылып алынды. Айталық, 2 қыркүйекте Цифрлық педагогика зертханасы мен «Абайтану» ҒЗИ ашылады.

– Университет студенттері – бұл негізгі тұлғалар және сіздердің дамуларыңыз үшін барлық жағдайлар жасалуда: фитнес-орталық, бассейн, кітапханалар, ғылыми зертханалар мен орталықтар, «Алтай жастары» телестудиясы, Студенттер үйлері, спорт алаңдары мен залдар, «Сібе» демалыс базасы. Университетте студенттерге арналған 30-дан астам клубтар мен ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Студенттік өзін-өзі басқару белсенді дамуда. Клубтар мен ғылыми үйірмелерге қатысу үшін тіркелу 14-19 қыркүйек аралығында өтеді. Әлеуметтік және тәрбие мәселелері бойынша барлық ақпаратты сіздер үшін психологтар, қаржы мәселелері бойынша кеңесшілер және университеттің басқа да әлеуметтік қызметтері жұмыс істейтін колл-орталықтан ала аласыз, – деді М.Ә. Төлеген.

ЖОО білім алушыларына Студенттер үйлерінде тұру ұсынылады, өтініш беру университет сайтындағы «Тіркеу» бөлімі арқылы жүзеге асырылады. 2020-2021 оқу жылының 1 жартысында Студенттер үйлерінде тұру карантиндік жағдайлармен шектеледі және тек шетелдік студенттерге, жетімдерге және интернеті жоқ ШҚО елді мекендерінде тұратын студенттерге қоныстануға рұқсат етіледі, мұны «Қазақтелеком» АҚ-ның анықтамалары растайды.

Кездесу барысында ректор студенттердің тікелей эфирде қойған барлық сұрақтарына жауап беріп, оқу процесінде туындаған сұрақтарға колл-орталықтардан, виртуалды деканаттардан, университет сайтынан, оның ішінде «Ректор блогынан» жауап алуға болатынын хабарлады.

Кездесуге ҒЖ және СР жөніндегі проректор И.В. Ровнякова қатысып, 68 жылдық тарихы бар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың дәстүрлері, үлкен жетістіктерге жеткен түлектері туралы айтып берді.

– Оқу процесін ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерге қарамастан, алдағы оқу жылында көптеген тың және қызықты жаңашылдықтар күтілуде. Өмірде ең бастысы – Сіздің қоғамдағы жағдайыңызға және жасыңызға қарамастан білім алуды үйрену, батыл және заманауи ойлауды үйрену, – деп түйіндеген М.Ә. Төлеген бүгінгі күн – диалогтың бастамасы ғана екенін және осындай кездесулер дәстүрлі болатынын атап өтті.

Кездесуге 1 мыңға жуық студент пен олардың ата-аналары қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo