Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ректордың «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасының 4 курс студенттерімен онлайн кездесуі өтті

29 қазанында университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы аясында оқып жатқан 4 курс студенттерімен «open dialog» форматынды дәстүрлі кездесуін өткізді.  

2020-2021 оқу жылында университетті аталған бағдарлама бойынша 264 студент бітіреді, оның ішінде 163-і педагогикалық және 101-і техникалық мамандықтар бойыншы.

Кездесу барысында түлектерді жұмысқа жіберу, жұмысқа орналастыру және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндірілді.

Еске сала кетсек, Білім туралы заңға енгізілген кейбір өзгерістер мен толықтыруларға сай 26-бабының 8-тармағының 6-тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен азаматтар оқуды аяқтағаннан кейін кем дегенде үш жыл оқыған өңірінде жұмыс істеуге міндетті.

Сондай-ақ, кездесу барысында университет ректоры Шығыс Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасының әрбір түлегі үшін тұрақты және сенімді жұмыс табылатынын атап өтті. Мысалы, ШҚО білім басқармасының жыл сайынғы ақпараты бойынша тек Шығыс Қазақстан облысы бойынша 400-ге жуық педагог қажет.

Грант иегерлерін еңбекті өтеу ережелері бойынша ақпараттандыру жұмысын сапалы және тиімді ұйымдастыру мақсатында университетте WhatsApp чаттары құрылған. Онда 4 курс студенттері С. Аманжолов атындағы ШҚУ маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының маманына өздерін толғандарыған сұрақтарын қоя алады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo