Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ресей және Литва жоғары оқу орындарымен қос дипломды оқыту бойынша халықаралық вебинар өтті

«Екі диплом ал!». Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен, сондай-ақ Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығымен бірлесіп Ресей мен Литва серіктестерімен қос диплом бағдарламасын іске асыру механизмін түсіндіру үшін халықаралық вебинар өткізді.

Ұлы Витаутас атындағы университет (Литва) пен Алтай мемлекеттік университетінің (РФ) өкілдері біздің университетпен бірлескен жұмыс туралы, атап айтқанда қос диплом желісі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту әлеуеті туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда математика, физика, информатика магистранттары мен тарихшылар екі жылдық оқу барысында бірден екі диплом ала алады (ШҚУ дипломы және АлтМУ дипломы), ал биологтар Литвада да сұранысқа ие бола алады (ШҚУ дипломы және Литвадағы Ұлы Витаутас атындағы университеттің дипломы). Бұл түлектерге өздерін отанында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ШҚУ уақытпен қатар жүреді және студенттеріне ең жақсысын ұсынады!     

   Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі

Қазақ
× You found a Typo