Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Ресейден келген профессор А. Градобоевтің ашық дәрісі өтті

21 сәуірде С.Аманжолов атындағы ШҚУ Физика кафедрасының базасында Томск политехникалық университеті Ядролық технологиялар мектебінің профессоры, техника ғылымдарының докторы А.В. Градобоевтің халықаралық деңгейде магистранттар мен докторанттарға арналған ашық дәрісі өтті.
Дәріске Мәскеу, Қырым, Сібір, Орал (Ресей) өңірлерінен ғалымдар шақырылды.
Александр Васильевич Градобоев "Неліктен "Ғылым" және "Өндіріс" әртүрлі тілдерде сөйлейді? Ғылыми зерттеулердегі дифференциалды және интегралды тәсіл" тақырыбында дәріс өткізді. 
Аталған іс-шараға Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың, "Беттік инженерия және трибология" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, Физика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, ЖОО ҒЗИ ұйымдастыру бөлімі қатысты.
Дәрісті таңдалған презентациялық материал сүйемелдеді, бұл лекторға сабақ барысында тыңдаушылардың тұрақты назарын сақтап қана қоймай, визуализация арқылы материалды түсінуді жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар оқылған дәрістің жоғары деңгейі, оның іс жүзінде бағдарланған, құзыреттілік негізі екенін атап өтті. Ол қазіргі заманның талаптарына сәйкес толығымен салынған, ал материалды оқытудың заманауи технологияларын қолдану ұсынылған материалды игеруді едәуір арттырды және дәрістің құрылымын толықтырды.  
Дәріс жоғары ғылыми-әдістемелік және кәсіби деңгейде өтті, қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo