Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ресейлік профессор А. Рагулиннің онлайн дәрістері басталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Экономика және құқық факультетінде 12 қарашадан бастап Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі В.Я. Кикотя атындағы Мәскеу университетінің қылмыстық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Ресей адвокатура және нотариат академиясының проректоры, Мәскеу қаласы адвокаттық палатасының адвокаты, Ресей адвокаттар гильдиясының вице-президенті, Ресей-Азия заңгерлер қауымдастығының аға вице-президенті, «Еуразиялық адвокатура» журналының бас редакторы Андрей Викторович Рагулиннің онлайн дәрістері басталды.

Университет «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына бір ай ішінде «Адвокатура мен адвокаттық қызметті дамытудың өзекті мәселелері» онлайн курсын тыңдауға тамаша мүмкіндік берді.

Бұл курс білім алушыларға адвокат тұлғасын кәсіби дамытудың қазіргі заманғы проблемалары, адвокаттық білім беруге кадрларды іріктеу және тарту, тағылымдамадан өтуші мен адвокат көмекшісінің құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтарды және адвокатураны дамытудың басқа да өзекті үрдістерін ұлғайту сияқты салаларда терең білім алуға мүмкіндік береді.

Дәрістер 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo