Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Рухани жаңғыру: тіл мен мәдениет бағдары» ғылыми-тәжірибелік вебинары өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Рухани жаңғыру: тіл мен мәдениет бағдары» ғылыми-практикалық вебинары өтті.

Вебинар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығына орай «Рухани жаңғырудағы Қазақстан ономастикасы: Шығыс Қазақстан облысының латын графикасына негізделген антропонимдер және топонимдер жүйесі» тақырыбындағы жоба аясында Қазақстандағы тіл саясаты мәселелерін қарастыру, Шығыс Қазақстанның ономастикасы мен қазақ жазуын латын графикасына көшірудің теориялық-практикалық мәселелерін талдау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шарада Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценттері, филология ғылымдарының кандидаттары Б.Н. Бияров, А.А. Айтмұқашова, С.Т. Қасенов, А.Ә. Әлімхан, филология магистрі Ж.Қ. Қайырбаева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Ұ. Ержанова, Б. Қалитова баяндама жасады.

Вебинарға қатысушылар мемлекеттік тіл, аймақтың ономастикалық ахуалы, тіл мен мәдениет сабақтастығы, латыннегізді әліпбидің умлаутты жобасы жайлы ақпаратпен танысты.

«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы,

Қазақ, орыс филологиясы мен журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo