Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «SANALY URPAQ» студенттік клубының Адалдық мектебі өз жұмысын бастады

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2020-2021 оқу жылының екінші легі үшін «SANALY  URPAQ» студенттік клубы Адалдық мектебінің жұмысын бастады.

9 ақпанда "SANALY URPAQ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышевтың қатысуымен мектептің алғашқы онлайн сабағы өтті.

Сабақтың тақырыбы – "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері". Онлайн сабаққа университеттің 300-ден астам студенті мен магистранты қатысты.

Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышев студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі әдістері туралы қарапайым және түсінікті түрде айтып, күнделікті өмірден, құқық қорғау органдары қызметінің тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді.

Спикер сөзінің мазмұны практикаға бағдарланғанды, ол күнделікті өмірден, құқық қорғау органдары қызметінің практикасынан көптеген мысалдар келтірді. Сонымен қатар, ол қазақстандық университеттер мен колледждер студенттерінің парасатты мінез-құлықты насихаттауға қосқан нақты үлесі туралы айтып берді. Қ.А. Тоқышев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық жаңалықтарға ерекше назар аударып, бұл жаңашылдықтар қазақстандық қоғам өмірінде қалай әрекет ететінін айтты.

Спикерге Қазақстан мен шет мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының жекелеген ережелерін іске асыруға, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне және т.б. спикердің жеке көзқарасына қызығушылық танытқан студенттер мен магистранттар тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылды.

"SANALY URPAQ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен, магистранттарымен және оқытушыларымен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және адалдықты қалыптастыру бойынша жаңа бірлескен жобаларға қатысты ұсыныстар айтты.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Адалдық мектебінің жұмысына қатысқаны үшін Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышевқа зор алғысымызды білдіреміз.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың "SANALY URPAQ" студенттік клубы

Қазақ
× You found a Typo