Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Scopus» деректер базасындағы күмәнді журналдарды қалай анықтауға болады?» вебинары өтті

Инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті «Scopus» ДБ-дағы күмәнді және жыртқыш журналдарды қалай анықтауға болады?» атты вебинар өткізді.

Вебинардың басты мақсаты – университеттің жас ғалымдары мен ПОҚ-ның ғылыми-жарияланымдық қызметінің нәтижелерін Scopus халықаралық деректер базасында жариялау және ғылыми журналдарды күмән тұрғысынан анықтау бойынша ақпараттық қолдау.

Спикер ретінде инновациялар және технологияларды коммерцияландыру бөлімінің жетекшісі  Ержан Домалатов болды. Вебинар жұмысына университеттің ПОҚ, PhD докторанттары мен магистранттары қатысты.

Вебинар барысында халықаралық мәліметтер базасындағы журнал түрлері туралы сұрақтар, сондай-ақ күмәнді және жыртқыш журналдардың негізгі белгілеріне сатылы талдау жасалып, университет ғалымдарының басылым тәжірибесінен мысалдар келтіріліп талқыланды.

Соңында вебинарға қатысушылардың ұсынысы бойынша бірнеше журнал күмәнділік нысанына талданды.

Инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті

Қазақ
× You found a Typo