С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының жетекшісі қатарларына қосылған 1 курс белсенділерімен онлайн режимде кездесті.
«Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының жетекшісі Айбота Шанжың қатарларына қосылған 1 курс студенттерімен ZOOM платформасы арқылы кездесіп, ұйымның жұмысы мен мақсаттары туралы айтып берді.
Кездесу барысында студентттер өздерін таныстырып, ойларымен бөлісті.
Шығармашылыққа жаны құмар жастар енді бір үйдің балаларындай болып кетеріне сенеміз.
Жастар ісі жөніндегі комитет