«ЖОО студенттерімен жүйелі жұмыс, түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығына бейімдеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» жобасы шеңберінде «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ШҚУ қызметкерлері мен оқытушыларына арналған шеберлік сыныбы форматында кәсіби бағдар беру онлайн-шеберханасын өткізді.
Іс-шарада спикер болып «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы, бизнес-тренер, «Бипэк АВТО Қазақстан» АҚ консультанты Алла Альбертовна Козляткина сөз сөйледі.
Мастер-класс барысында кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасы, кәсіптік бағдар берудің негізгі бағыттары, түлектерді бағалау және оларға көзқарас, студенттің мамандық бойынша өзін-өзі анықтауы, кәсіптік бағдар беру міндеті ретінде түлек түйіндемесін әзірлеу және т.б. мәселелер талқыланды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы