Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен қосдипломды білім берудің 8 бағдарламасын іске асыру жоспарланған

С.Аманжолов атындағы ШҚУ қосдиплом бағдарламасын жүзеге асыруға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін үлкен әлеуетке ие.

Бұл, ең алдымен, жақсы жолға қойылған халықаралық байланыстар, алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен жасалған көптеген шарттар. 

ШҚУ Ресей, Латвия, Литва, Түркия, Оңтүстік Корея, Польша және т.б. елдердің университеттерімен тығыз байланыста.

Сонымен қатар, ШҚУ-да бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша көптеген білім беру бағдарламалары бар.

Қазіргі уақытта қосдипломды білім беру бағдарламасы Алтай мемлекеттік университетімен (математика, физика, тарих, информатика, география) және Томск ұлттық зерттеу университетімен (тарих) іске асырылуда.

2021-2022 жылдарға шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен қосдипломды білім берудің 8 бағдарламасын іске асыру жоспарланған. Олардың арасында Ресей мемлекеттік дене шынықтыру, спорт, жастар және туризм университеті, Свече қаласындағы лингвистикалық-техникалық университет (Польша), Джионгсанг ұлттық университеті (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo