Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да шетелдік серіктестермен онлайн кездесулер өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Ұлы Витаутас атындағы университетіндегі (Литва) және Лимкоквинг университетіндегі (Малайзия) серіктестермен халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн режимде кездесулер өткізді.

"Есеп және аудит" ББ бойынша қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру ұсынысымен Ұлы Витаутас атындағы университеттің (Литва) биоэкономиканы дамыту факультетінің деканы Бернардас Вазнонис сөз сөйледі. Бакалавриат студенттері бизнес-менеджмент бойынша екі диплом ала алады (Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ және Ұлы Витаутас атындағы университет, Каунас қ., Литва). Оқыту тілі – ағылшын.

Лимкоквинг университетінің (Малайзия) қызметкерлері студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына 2021 жылдың күзгі семестріне қатысуын ұсынды. "Информатика", "Шет тілі: екі шет тілі", "Музыка" ББ студенттері Малайзияда бір семестр бойы оқуға мүмкіндігін алады. Кездесу қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық шарт жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мұндай кездесулер ұзақ және жемісті ынтымақтастықтың алғашқы қадамы болатынына сенеміз. 

Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі

Қазақ
× You found a Typo