Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да шетелдік студенттермен және оқытушылармен дөңгелек үстел өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі мен Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі бірлесіп онлайн режимінде «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Оған Түркиядан келген ерікті оқытушылар Садуллах Думан, Гүл Бану Думан және Ресей, Қытай, Моңғолия, Әзірбайжан студенттері қатысты.

Үстел қонақтарының, С.Аманжолова атындағы ШҚУ-да оқитын шетелдік студенттердің жылы және мерекелік атмосферасы барлық қатысушыларды жағымды қуатпен толтырды, ал Дукай Таңнұр (Қытайдан келген студент) орындаған Абайдың өлеңі қатысушылардың жүрегін толқытты. Әзірбайжандық "Аударма ісі" ББ 1 курс студенті Фатима Әлиева, моңғолиялық "Математика-физика" ББ кіші курс студенті Еркінгүл Амангелді және "Шет тілі: екі шет тілі" ББ 1 курс студенті Рихард Наак жақсы әсерлерімен және университетке деген алғыс сөздерімен бөлісті.

Онлайн режиміне қарамастан кездесуде жастық, достық, келісім және көктемгі сергектік рухы орнады. 

Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі

Қазақ
× You found a Typo