Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ШҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өтті

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Е.Ж. Сейтембетов факультеттің әдістемелік онкүндігіне орай Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру, жастар арасында радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін  нығайту» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Дінтану-философия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Д.Ж.Жақиянов пен М.С. Амринова қатысты.

Дөңгелек үстелде дін саласындағы мемлекеттік саясаты, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі, алдын алу жолдары, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігіне қарсы іс-қимылдар, ғаламтор кеңістігінде радикалдық идеологияның таралуының алдын алу жолдары, оның құқықтық негіздері мәселелері кеңінен қарастырылып, талқыланды.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo