Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ШҚО колледждері арасында «Педагогикалық ассорти» байқауы ұйымдастырылды

ППжМФ әдістемелік онкүндігі аясында Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Макшиева облыс колледждері арасында «Педагогикалық ассорти» интеллектуалдық шығармашылық конкурсын өткізді.

Байқауға Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің түлектері қатысты.

Байқаудың мақсаты – болашақ мамандардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, шығармашылық қызметті дамыту, мұғалім мамандығының беделін арттыру.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші іріктеу кезеңін әр колледж өз бетінше өткізді. Оған 40-тан астам түлек қатысты.

Іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер екінші кезеңге өтті.

Мәселен, "Педагогикалық экспромт" педагогикалық жағдаятында әр қатысушы ұсынылған психологиялық-педагогикалық жағдайды талдап, кеңес берді және оны еңсерудің жолдарын ұсынды.

"Педагог-тәрбиешінің шеберлік әлемі" – бұл жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ұйымдастырылған оқу қызметі. Бұл конкурста болашақ маман ретінде студенттің кәсіби-педагогикалық-шығармашылық құзыреттілігін ашуға жәрдемдесу, педагогикалық мақсаттылық, кәсіби-педагогикалық проблеманы шешудің ашықтығы, инновациялық технологияларды пайдалану, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытты ұтымды пайдалану бағаланды.

"Педагогикалық ассорти" интеллектуалдық байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Балнұр Рамазанова, І орынды Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Анар Әділханова, II орынды С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің студенті Гауһар Жұмабек және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Назерке Рашитбеков жеңіп алды.  III орынды Ангелина Бубнова, Маржан Қанибек, Снежана Сағындықова, Арманай Болатбекова, Ардақ Дарынова бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия шешімімен бас жүлде жеңімпазы Балнұр Рамазанова С. Аманажолов атындағы ШҚУ-дың білім грантына ие болды. Жеңімпаздар мен жетекшілер дипломдармен марапатталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo