Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ШҚО кәсіподақтарының төсбелгілері табысталды

10 қазанда атап өтілетін Қазақстанның Кәсіптік одақтары күніне, сондай-ақ ШҚО кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген, оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Қ. Аяғанова және мұражайлар меңгерушісінің міндетін атқарушы Ж.А. Қалимолдина «SHYǴYS QAZAQSTAN KÁSIPODAQTARYNA – 100 JYL» төсбелгісімен марапатталды.

ШҚО аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов қол қойған марапаттарды ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Е.А. Крупко табыс етті.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Қ. Аяғанова атап өткендей, кәсіподақ атынан төсбелгі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлегенге университеттің дамуына қосқан үлесі және университет қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін берілді.

Өз кезегінде Е.А. Крупко ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Қ. Аяғанованың, сондай-ақ көп жылдар бойы студенттер кәсіподағын басқарып келген Ж.А. Қалимолдинаның белсенді жұмысы мен ұстанымын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы қаулысына сәйкес, 10 қазан Қазақстанның мерекелік күндері тізіміне Кәсіптікодақ күні ретінде енген. Биыл Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтары үшін маңызды жыл, облыста кәсіподақ қозғалысының құрылған бір ғасыр толып отыр.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo