Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған виртуалды көрме ашылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай «Қазақтың жұлдызы» атты виртуалды көрмені ашты.

Ш. Уәлиханов – дүние жүзі ғылымына қомақты үлес қосқан, әлемге танылған алғашқы қазақ ғалымы. Оның шығармалары мен еңбектері күні бүгінге дейін ғылыми, жаңашыл құндылығын жойған жоқ.

Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы, демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист, яғни, энциклопедист ғалым. Ол аз ғана өмірінде Орталық Азия халықтарының тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырған. Ғалымның тарих саласына қосқан үлесі орасан зор еді. Туған елі мен жеріне деген махаббат Шоқанның қазақ тарихының ғылыми негізін қалауына жол ашты.

ХІХ ғасырда «Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Кейін бұл мұралар Г. Потаниннің кітаптарында жарияланған. Ш. Уәлиханов еңбектерінде Есім хан, Тәуке хан, Сәмеке мен Әбілмәмбеттің ұрпақтарына қатысты шежірелер туралы айтылады.

Шоқан жазған шежірелік шығармалардың ең әйгілісі – «Абылай», «Қырғыз рулары», «Ұлы жүз туралы», «Ұлы жүздің аңыз-әпсаналары», «XVIII ғасырдағы батырлар жыры», тағы басқалар. Шоқан ұлттық шектеушілікке ашықтан-ашық қарсы болды. Халықтар достығы бастамасын қолдап, қорғады. Ғалымның қысқа ғұмырында атқарған ерен еңбегінің тағылымы тек Қазақстан үшін емес, сонымен қатар, Азия мен Еуропа елдері үшін де өшпес рух, өлмес мұра. 

Р. Төлеуханова,

Ғылыми кітапхана

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Қазақ
× You found a Typo