Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Шығыс Қазақстан облысының 30 адвокаты біліктілік арттыру курстарынан өтуде

ШҚО Адвокаттар алқасы мен С.Аманжолов атындағы ШҚУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы мен Азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасы облыс адвокаттарына арналған «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті құқықтық реттеу» онлайн біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда.

Онлайн курсқа 30 адвокат қатысуда.

Курстың мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы адвокаттарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курстың бірінші күні з.ғ.к., Азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының доценті А.А. Карандашева, з.ғ.к., аға оқытушы А.А. Квашин және «BI Group» келісімшарттар басқармасының бастығы, заң ғылымдарының магистрі А.С. Бородулин дәріс өткізді. Сабақ барысында Қазақстанның процессуалдық құқығындағы өзгерістер, азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокат мәртебесі, еңбек дауларын қарау ерекшеліктері, келісімшарт құқығының сот практикасы және т.б. мәселелер қаралды.

Адвокаттар онлайн алаңда практикалық қызметінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуда. Курс аяқталған соң адвокаттарға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің сертификаты беріледі.

Мұндай іс-шаралар екі тарап қызметінің әртүрлі аспектілерінде серіктестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді. 

Б. Келгембаева, Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурс орталығының директоры                                                

Қазақ
× You found a Typo