Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Шығыстың шығармашыл зиялы қауымы» электронды энциклопедиясының тұсаукесері өтті

22 сәуірде Педагогика, психология және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Музыкалық білім беру және алғашқы әскери дайындық кафедрасында «Шығыстың шығармашыл зиялы қауымы» электронды энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер қашықтықтан өтті. Іс-шараға факультет оқытушылары қатысты.

Іс-шараның модераторы автор, қазақ өнерінің қайраткері, композитор-күйші, кафедраның аға оқытушысы У. Жүнісов болды.

Электронды энциклопедияның мақсаты – Шығыс Қазақстанның кәсіби музыкасының дамуына баға жетпес үлес қосқан, оның дамуында өшпес із қалдырған ҚР еңбек сіңірген қайраткерлерінің, профессорлары мен өнер адамдарының шығармашылығымен және еңбектерімен таныстыру.

Іс-шараның міндеттері – Шығыс Қазақстанның кәсіби музыкалық өнерінің негізін қалаушылардың шығармашылығын мәңгі есте қалдыру, ұлтжандылыққа бейімдеу, шығармашылық кездесулер (онлайн) өткізу, электрондық энциклопедияны кез келген орындаушы үшін қолжетімді ету.

Іс-шараға қатысқан факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар авторға ризашылықтарын білдірді.

Музыкалық білім

және алғашқы әскери дайындық кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo