Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да әскери кафедраға түсушілер үшін кәсіби-психологиялық тестілеу басталды

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраға түсушілер үшін кәсіби-психологиялық тестілеу басталды, ол online және offline өтуде.

Бірінші күні тестілеуге Өскемен, Зайсан, Катонқарағай және басқа аудандардан 20 ниет білдіруші қатысты.

Ертең тестілеуге 67 адам қатысады.

Келесі кезең – іріктеу комиссиясының жұмысы GPA нәтижелері бойынша жасалған рейтингтік балл, медициналық комиссиялардың қорытындылары және студенттердің «дене шынықтыру» пәні бойынша 1 курс ішіндегі бағалары негізінде оқуға түсушілердің қатысуынсыз өтетін болады.

Конкурстық іріктеу 12-21 қазан аралығында өтеді.

Тестілеу №1 оқу корпусындағы Ғылыми кітапхананың электрондық оқу залында (3 қабат) 12 қазан мен 15 қазан аралығында сағат 9-дан бастап өткізіледі.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo