Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да STEM-орталықтың салтанатты ашылуы өтті

Мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға және мектеп жасына дейін балаларға арналған STEM білім беру жабдықтамасымен қамтылған орталық іске кірісті.

Эразмус+ жобасымен біріккен бірқатар еуропалық, жақын шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындары зерттеулерінің идеясы ғылымдардың түйіскен жерінде жаңа зерттеушілік құзіреттіліктер қалыптастыру, STEM технологиялар негізінде жобалық оқытуды дамыту болып келеді.

– Білім берудегі еуропалық әріптестеріміздің ынтымақтастық идеясы бізге ұнады: бір бағытта, бір мақсатта әр түрлі жастағы адамдарды біріктіріп зерттеулер жүргізу. Ол үшін жоғары оқу орындары оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне талмай еңбек етуі керек және де мектеп оқушыларынан және балабақша кезеңінен жас зерттеушілер тәрбиелеу, өсіру, ғылымға жол көрсету қажет. Сол үшін осы орталыққа келіп эксперименттер жүргізіп, жаңа жобалар жасауға шақырамыз!

Қазіргі қиындықтарға қарамай, шектеу талаптарын орындай отыра біз сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз, білім берудің STEM тұрғыдан жаңа мүмкіндіктерін ашуымыз керек.

Орталығымыз 2020 жылдың желтоқсан айында 12,5 млн теңгеге жабдықталды. Бұл жерде, көріп тұрғандарыңыздай, 5 ноутбук бар, оның біреуі Apple маркасы. Болашақ виртуалды шындықты модельдеуге сай келеді. Мына планшетке қарасаңыздар жеп-жеңіл, сайыстарға қатысамын деген зерттеушілерге кез келген жерге барып өз жобаларың көрсетіп қорғауға ыңғайлы. Барлық техникаға, операциялық жүйелер программаларына лицензиялық кепілдікті «LabEco Technology» фирмасы беріп отыр. Өткен жылы ашылған ROBOLAB зертханамыз 16 млн теңгеге жабдықталып, бүгінде өнімдер, сайыстарда жеңістер әкеле бастады. Біздің есігіміз әрқашан ашық және біз бірге жұмыс жасауға дайынбыз! – деді ашылу рәсімінде университет ректоры, профессор М.Ә. Төлеген.

Онлайн режимде №4 орта мектеп, облыстық математика, физика және информатика саласында дарынды балалармен жұмыс жасауға арналған мектеп-лицейінің мұғалімдері оқушыларымен жұмыстарынан үзінді, 1 курс докторанты Қалдыкүл Сарбасова мектеп жасына дейінгі балалармен STEM бағытта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсетті. Университет оқытушылары мектеп мұғалімдеріне арналған «Геймификация элементтері енгізілген робототехникадан STEM-жоба» білімді жетілдіру курстар бағдарламасымен таныстырды.

ФОТО  https://cloud.mail.ru/public/xL5d/mRBYPTmxM/

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo