Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Step-by-Step» мансапты жоспарлауға арналған практикалық нұсқаулық дайындалды

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы «Step-by-Step» мансапты жоспарлау бойынша электрондық практикалық нұсқаулық дайындады.

Нұсқаулықпен танысу барысында, студент жұмысқа орналасу мен мансаптың барлық сатыларынан өтеді: өзінің қасиеттері мен қабілеттерін бағалаудан бастап, мансаптық үміттері мен қалауларын талдайды, түйіндеме құруға және сұхбаттасуға үйренеді.

Практикалық тапсырмалар студенттерге мансаптық smart-мақсатты дұрыс қоюға, жеке даму жоспарын (Career Mind Map) жасауға, түйіндеме жазуға және сұхбатқа дайындалуға көмектеседі (Elevator Pitch, Mock Interview).

«Step-by-Step» мансапты жоспарлау бойынша практикалық нұсқаулық университеттің ресми сайтындағы «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде орналастырылған.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo