Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да студенттерге арналған «Бизнес бастамасы» қонақ дәрісі өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушылары Л.М. Ахметова және А.Ж. Байғожинова 1 курстың экономикалық емес білім беру бағдарламаларына арналған «Бизнес бастамасы» тақырыбында жеке кәсіпкер Ш.Ә. Жанәбілмен қонақ дәрісін өткізді.

Бұл кездесудің мақсаты – білім алушылармен бизнесте табысқа жету тәжірибесімен бөлісу, кәсіпкерлік қызметті насихаттау бойынша жұмысты жандандыру және болашақта студенттерді өз бизнесін құруға тарту.

Шынар Жанәбіл – табысты кәсіпкер, бизнес тренер, «Жерұйық» банкет залының иесі, Koreavision.kz компаниясының ШҚО бойынша Оңтүстік Кореяға медициналық туризм бойынша өкілі, құрылыс компаниясында қаржы директорының 12 жылдық тәжірибесі бар, «Ару-Ана қауымдастығы» әйелдер қауымдастығының мүшесі.

Кәсіпкер студенттерге бизнесті қалай бастау, бастапқы капитал қандай болуы керек және ол үшін қандай ресурстар қажет, бәсекелестікті қалай жеңуге болатындығын ұғынықты тілде айтты. Кездесу барысында студенттер бизнесті ашу және дамытуға байланысты, шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету туралы сұрақтар қойды.

Жастар өз ісін, бизнесін бастауға немесе ашуға тырысатын құбылыс барған сайын жаппай бола түсуде. Бұл таңқаларлық емес, қазіргі уақытта мемлекет шағын бизнесті қолдау үшін түрлі шаралар қабылдауда.

 «Қонақ дәрісінде естіген ақпарат қызықты, пайдалы болды және алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын тапса екен». Кездесу туралы студенттердің пікірі осындай болды.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo