Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да студенттерге арналған бизнес-жоспар құру бойынша ашық дәріс өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экономика және басқару кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Альмира Сақтаева «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша «Бизнес-жоспар» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында компания үшін бизнес-жоспар құрудың қажеттілігін түсіну және мәні, бизнес-жоспардың құрылымы, бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылықты білу, жеке стартап үшін бизнес-жоспар жасай білу жолдары қарастырылды. Білім алушылармен кері байланыс ретінде дәріс барысындағы алған ақпаратты қабылдауын, түсінуін айқындау үшін «Google дискте» тест қолданылды.

Ашық  сабаққа университетіміздің оқытушылары мен 1 курстағы экономикалық және экономикалық емес бағыттағы білім алушылар қатысты.

Ашық дәріс Экономика және құқық факультетінің әдістемелік апталығы аясында өтті.                                               

                                                  Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo