С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры студенттермен, магистранттармен және докторанттармен ақпараттық-түсіндіру онлайн кездесуін өткізді.
Кездесуде бакалавриаттың 1 курс студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға 2020-2021 оқу жылы қысқы емтихан сессиясының ұйымдастырылу барысы түсіндірілді.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д.Ерболатұлы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары білім алушыларды 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын қашықтықтан оқыту форматында өткізу тәртібімен, емтихан формаларымен, прокторинг және антиплагиат жүйесін қолданумен таныстырды.
Тіркеу кеңсесі