Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Суицидтік мінез-құлық пен жүріс-тұрыс» атты ашық дәріс өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогика, психология және мәденет факультетінің әдіснамалық апталығы аясында «Суицидтік мінез-құлық, жүріс-тұрыс» ашық дәрісі өтті.

Дәрісті Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті, пс.ғ.к. М.Д. Әуренова магистранттарға арнап өткізді. Ашық лекцияға университет оқытушылары, магистранттар қатысты. 

ZOOM платформасында өткен лекция ғылыми және іс-тәжірибелік мазмұны жағынан ғана емес, қашықтан оқытуда тыңдаушылармен кері байланысты ұстануда ұтымды болатын Padlet, Mentimeter платформаларын қолданумен ерекшеленді.

Дәріс соңында қатысушылар сабаққа оң баға беріп, айтқан әдістемелік бағыттары үшін оқытушыға алғыс айтты.

Тәжірибелі оқытушының лекция барысын түрлі форматта ұйымдастыруы әдіснамалық апталық мақсатына сай келді.

Педагогика, психология и мәдениет факультеті

Қазақ
× You found a Typo