Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кураторлық сағат өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Парасатты факультет» жобасы аясында «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кураторлық сағат өтті.

Сағатты Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің кураторы, Химия кафедрасының доценті, х.ғ.к. Гүлжан Абылқасова өткізді.

Сағаттың міндеті – ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін жайттардың алдын алу, оларды шешу жолдары мен мәселелерін анықтау.

Студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру ісінде әдістемелік көмек көрсету ұсынылды. Сондай-ақ, студенттерге арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo