Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Tengrinews.kz журналисті Иван Сухоруковпен кездесу өтті

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Журналистика» мамандығының түлегі, республикалық Tengrinews.kz сайтының корреспонденті Иван Сухоруковпен онлайн кездесу өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған кездесу барысында "Қазақстанның халықаралық бастамаларын БАҚ-та жариялау" тақырыбы қозғалды.

Онлайн форматында Иван Сухоруков табысты журналист болу үшін нені білу керек екенін айтты.

Кездесуге "Журналистика" және "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандықтарының студенттері, кафедра оқытушылары қатысты.

– Осындай кездесу үшін көп рақмет! Білікті маман бізді білім алуға, еңбектенуге ынталандырды, – деді кездесуден алған әсерлерімен бөліскен студенттер.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo