Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Термоядролық энергетика мен машина жасаудағы инновациялық технологиялар» атты дөңгелек үстел өтті

  • С.Аманжолов атындағы ШҚУ Физика кафедрасының базасында «Термоядролық энергетика мен машина жасаудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті, оның барысында ЖОО докторанттары баяндама жасады. 

Спикер ретінде Физика кафедрасының 2 оқу жылы докторанттары, ф.-м.ғ.д. М.Қ. Сқақовтың жетекшілігімен сөз сөйледі.

Мына докторанттар баяндама жасады:

  1. Жилкашинова "Ni-CR қорытпасының бетіндегі композициялық жабынның (CR-AL-CO - ZRO2-Y2O3) құрылымдық-фазалық жай-күйі мен қасиеттері", Д. Бияхметова "Дозалық жүктемелерді бағалау үшін жеке дозиметрия әдістерінің мүмкіндіктері мен перспективалары", Ғ. Жанболатова "Плазманың ТЯР материалдарының бетімен өзара әрекеттесуі".

Дөңгелек үстелге Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың, "Беттік инженерия және трибология" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, ЖОО-ның ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында термоядролық энергетика мен машина жасаудағы инновациялық технологиялар саласындағы түрлі тақырыптар талқыланды.

Дөңгелек үстел жоғары, кәсіби деңгейде өтті, қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo