Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ТФжХҚФ студенттерімен және кураторларымен онлайн-кездесу өтті

21 тамыз күні Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде факультет студенттерімен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуге С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Д. Ерболатұлы, факультет деканы Ә.А. Өскембай, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М. Нұралинова, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Т. Уәлиева, «PARASAT» СҚКО бөлімінің маманы, факультет кураторлары мен білім алушылары қатысты.

Кездесу белсенді диалог түрінде өтті. Білім алушылар сұрақтар қойып, толық жауап алды. Кездесуде қозғалған негізгі тақырыптар: оқу ақысының мөлшері; мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алатын студенттердің жұмыспен қамтылуы; қашықтық режимінде практикадан өту; жатақханада тұру мүмкіндігі, оқу туралы анықтама алу.

Кездесу соңында «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс білім алушысы Олжан Қостыбаев университет және факультет әкімшілігіне университеттегі оқумен байланысты түрлі мәселелерді шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді, сондай-ақ өз тобының кураторы Е.Е. Чжанның жұмысына оң бағасын берді.

21 тамыз күні Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде академиялық топ кураторларымен кездесу өтті.

Кездесуге факультет деканы Ә.А. Өскембай, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М. Нұралинова, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Т. Уәлиева және факультет кураторлары қатысты.

Кездесу барысында куратор папкаларын қалыптастыру, жаңа оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру, жатақханада тұру, кураторлық сағаттарды ұйымдастыру, студенттерді әлеуметтік желілердегі университет парақшаларына тіркеу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қолда бар мәліметтер бойынша кураторлар 1 курс білім алушылары топтарының тізімдерін қалыптастырып, онлайн кездесулер жоспарлап отыр.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті

Қазақ
× You found a Typo