Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да тізілімге енгізу үшін 10 жаңа және инновациялық білім беру бағдарламасы ұсынылады

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да қала мен облыстың стейкхолдерлерінің қатысуымен Академиялық кеңестің кеңейтілген онлайн отырысы өтті.

Академиялық кеңестің жұмысына ШҚО білім басқармасының "Шығыс" өңірлік орталығы, кәсіптік білім беру орталығы, ҮМЗ ғылыми орталығы, "Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімі, "ҚР ҰЯО" РМК "Атом энергиясы институты" филиалы, ҚР Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты, ШҚО әкімі аппаратының "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ, "Дарын "дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ, "А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп" КММ,  . Өскемен қаласының білім басқармасы, "БанкЦентрКредит" АҚ, "ВК Консалтинг" АҚ, Өскемен қаласының "Демеу" оңалту және түзету орталығы, "Өскемен арматуралық зауыты" АҚ метталдар зертханасынан жұмыс берушілер және ШҚО әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылынан бастап іске асыру жоспарланған жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын талқылау және ұсыну, білім беру бағдарламаларының реестріне одан әрі енгізу мақсатында білім беру бағдарламаларын сараптау қорытындысын шығару.

Отырысты Академиялық кеңес төрағасы Досым Ерболатұлы ашты. Ол бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау үшін жаңа немесе инновациялық білім беру бағдарламаларын ашу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Басшылар 10 жаңа және инновациялық БББ таныстырды, әрбір білім беру бағдарламасының бірегейлігі мен негізгі міндеттері талқыланды. Жұмыс берушілер жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу қажеттілігін, ұсынылған БББ өзектілігін, өңірде және жалпы елде қажеттіліктерін атап өтті.

7М01501 STEM-білім, 6В04107 Корпоративтік қаржы және бизнес-аналитика білім беру бағдарламаларын енгізу стейкхолдерлермен ұсынылса, 6В05302 Химия және наноматериалдар, 7М05101 Биология, молекулалық биология және биотехнология аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері ұсынған білім беру бағдарламалары ретінде ерекше атап өтілді. Алдын ала маркетингтік және SWOT-талдау жүргізілген. БББ университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында бекіткеннен кейін білім беру бағдарламасы БББ реестрге және оқу процесіне енгізіледі.

Академиялық кеңес отырысының қорытындысы бойынша БББ реестріне  енгізу үшін С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кеңесінің бекітуіне 5 жаңа және 5 инновациялық білім беру бағдарламасы ұсынылды.

Университеттің академиялық кеңесі

 

 

Қазақ
× You found a Typo