Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «ток-шок» форматында студент-спортшылармен кездесу өтті

Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі жоспарына сәйкес Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасында «ток-шок» форматында спорттық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген студент-спортшылармен онлайн кездесу өтті. 

Іс-шараға студенттер, магистранттар, оқытушылар қатысты.

Іс-шараның модераторлары ретінде факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Бөлекпаев, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Е.А. Малахова сөз сөйлеп, "ток-шок" форматында кәсіби бағдар беру жұмысының іс-шарасын онлайн режимінде ұйымдастырды.

Кездесуде студент-спортшылар 2019 (жазғы) және 2020 (қысқы) жылдардағы республикалық универсиадаларда қалай өнер көрсеткендері туралы айтып, "дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасы және Time-менеджмент бойынша табысты оқу мәселелерін қозғады. 

Кездесу сәтті өтті. Білім алушылар 2021 жылғы талапкерлерге жылы лебіздерін білдіріп, олардың күш-жігеріне сенім білдірді!

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo