- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Физика кафедрасында халықаралық толеранттылық күніне арналған «Толеранттылық – бейбітшілікке бастар жол» атты кураторлық сағат өтті.
Іс-шараны «Физика» мамандығының 1, 3, 4 курс студенттері мен куратор Мейрамгүл Жапарова ұйымдастырды.
Тәрбие сағаты барысында толеранттылық ұғымы, толеранттылық феномені, көпұлтты Қазақстандағы этносаралық қатынастар, отбасындағы толеранттылық тәрбие және толеранттылық көзқарас тақырыптарын 4 курс студенттері өздері дайындаған материал арқылы толық ашып берді.
Тәрбие сағатының барысында 1, 3 студентеріне сергіту сәті өткізілді.
Қорытынды ретінде кураторлық сағат соңында студенттер өз ойларымен бөлісті.
Физика кафедрасы