- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 «А» тобы студенттері куратор Айымгүл Сейпутанованың ұйымдастырумен «Толеранттылық күніне» арналған «Толеранттылық – достық пен бірлік кепілі» атты онлайн кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында студент жастардың имандылық қасиеттерін күшейту, әдептілік қасиеттерін, туған өлкеге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, елімізде мекен етіп жатқан ұлт өкілдеріне деген құрметтерін арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсаты жүзеге асырылды. Соған орай ең алдымен, «толеранттылық» ұғымның мағынасына шолу жасалды.
Әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастардың бүгіні мен болашағы, «академиялық адалдық» пен патриоттық рух мәселесі, толерантты Қазақстанның жетістіктері жан-жақты сөз етілді.
Ұ. Сейтқанова, Г. Алтынбекқызы