Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Train your brain» логикалық сайысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Train your brain» атты логикалық сайыс өтті.

27 қарашада физика кафедарсының «Creative science» ғылыми клубы онлайн форматта, Зум платформасында «Train your brain» атты миды жаттықтырушы сайыс өткізді.

Сайыс басында физика кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.С.Бектасова клуб жетістіктеріне тоқталып, студенттерге университетаралық, республикалық, халықаралық ғылыми конкурстар мен жобаларға белсене қатысып, жүлделі орындар алуды тапсырды.

«Creative science» клубының жетекшісі, техника ғылымдарының магистрі Парасат Зұлқаршын клуб студентері мен магистранттарының өткен жылғы жетістіктерімен, алдағы жоспарларымен таныстырды.

Сайысты клуб төрағалары – 4 курс студентері Бибіхан Талап пен Аружан Толықбаева жүргізді. Сайысқа факультеттен 30-дан астам 1-3 курс студенті қатысты.

Клуб жетекшілері мен кафедра мүшелері шығарған қорытынды бойынша 1 орынды «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенті Ақжан Қажыбек жеңіп алды. 2 орынды «Физика-информатика» мамандығының 2 курс студенттері Шұғыла Советханова мен Медеу Ахмадиев, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенті Ардақ Қуаныш, 3 орынды «Ядролық физика» мамандығының 1 курс студенті Жұлдыз Сәкенова, «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенті Алау Ардақ, «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығының 1 курс студенті Ақерке Темірәлиева иеленді.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo