Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Тәрбие тал бесіктен» атты дөңгелек үстел өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Рухани жаңғыру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.Т.Уәлиеваның жетекшілігімен «Тәрбие тал бесіктен» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге түрлі мамандықтардың білім алушылары мен факультеттің оқытушылары қатысты. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының білім алушылары Арна Қорғаубек «Абай шығармаларындағы тәрбие концепциясы», Диана Ержанқызы «Адамгершілік – тәрбие көрінісі», Жазира Шарбек «Білім бастауы – тәрбие», Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Гүлназ Ерғасымова «Сократ қағидаларының тәрбиелік мәні», Аяулым Қасымбекова «Қазақтың салт-дәстүрлері және ұлттық ойындарды ойнату арқылы балаларды тәрбиелеу» атты тақырыптарда баяндамалар ұсынды.

Бүгінде тәрбиенің қоғам үшін, жалпы, адамзат үшін маңыздылығы және осы қоғамда, әр отбасында тәрбиені дамытуда қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі жайында сөз қозғалып, қатысушылар арасында пікірталас туындап, талқыланды. Сонымен қатар мағыналы видеоролик көрсетілді. Қатысушылар құнды мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

Қазақ
× You found a Typo