- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
9 қарашада Экономика және құқық факультетінің студенттері Абайдың 175 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихқа шолу» атты онлайн поэзиялық кездесу кешін өткізді.
Кездесуге экономика ғылымдарының кандидаты Г.К. Қойшинова, Экономика және құқық факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары А.С. Асубаева және 1-4 курс студенттері қатысты. Кешті Экономика және құқық факультеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы А.Қ. Құрманбекова жүргізді.
Кездесуде Абайдың өлеңдері, қара сөздері оқылды. Тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихқа шолу жасалды. Іс-шара соңында Мемлекеттік әнұран қойылды.
Факультет экономики и права